09.09.2026ж. мектеп психологы А.Жуматова ата- аналармен “Ата-аналар да шаршайды” тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында ата- ананың эмоционалдық жағдайы, ата- аналық қажу, ішкі ресурстарды қалпына келтіру және балалармен жылы қарым- қатынасты сақтау мәселелері талқыланды. Балаға қамқорлық ең алдымен өзіне қамқорлық жасаудан басталатынын, кейде ата- анаға бір сәт аялдап, терең тыныстап, өз жан дүниесіне үңілу маңызды екені айтылып, практикалық кеңестер берілді.






