5 «Ә» сыныбында ата-аналар жиналысы өттіМектебімізде 5 «Ә» сынып оқушыларының ата-аналарына арналған кезекті жиналыс болып өтті. Жиналыстың басты мақсаты — бастауыш сыныптан орта буынға қадам басқан оқушылардың жаңа ортаға бейімделу кезеңін талқылау және мектеп пен отбасы арасындағы тығыз байланысты нығайту. Мектеп пен отбасы бірлескенде ғана бала тәрбиесі жемісті болмақ!






