Интернат тәрбиеленушілерімен жатақхана ішіндегі тәртіпті сақтау, асхана, жуынатын бөлме және ойын алаңдарында қауіпсіздік ережелерін орындау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Тәрбиеленушілерге жатақхана бөлмелерінде тазалық пен тәртіпті сақтау, дәліздерде жүгірмеу, асханада өзін дұрыс ұстау және ыстық тағамдармен абай болу, жуынатын бөлмеде тайып құлап қалудан сақтану, ойын алаңында қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде ескертулер берілді. Сонымен қатар өзара сыйластықты сақтау және белгіленген тәртіпті орындау қажеттілігі түсіндірілді.









