Табиғатқа қамқорлық – әрқайсымыздан басталады! Мектебімізде табиғатты қорғау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында экологиялық акция ұйымдастырылды. Акция барысында оқушылар белсенділік танытып, аумақты қоқыстан тазалап, металл, пластик қайта өңдеуге болатын қалдықтарды жинады. Бұл – жай ғана тазалық жұмысы емес, табиғатқа деген жауапкершілікті сезінуге, еңбекке баулуға және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға бағытталған маңызды қадам. Таза табиғат – жарқын болашақ! Қалдықты сұрыпта – табиғатты қорға! Эко-Life – бізбен бірге табиғатты қорғайық!






