Бүгін 5 «А» сынып оқушылары «Сарыарқа сыры» Баянауыл визит-орталығына барып, танымдық сағат ұйымдастырды.
Танымдық экскурсия барысында оқушылар туған өлкенің табиғаты, тарихы мен мәдени мұрасы туралы тың мәліметтермен танысып, өз білімдерін толықтырды. Баянауылдың көркем табиғаты мен тарихи құндылықтары жайлы мағлұмат алып, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырды.
🌿 Туған өлкені тану – тарихты құрметтеуден, табиғатты аялаудан басталады!
📚 Танымдық сағат оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, зерттеуге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.






