Бүгін 5 «А» сыныбында оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғатты қорғауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу мақсатында «Туған жер табиғаты – баға жетпес байлық» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар туған өлкенің табиғи байлықтары туралы ой бөлісіп, табиғатты қорғаудың маңыздылығын талқылады. Қоршаған ортаны таза ұстау, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану және туған жердің көркем табиғатын сақтау жөнінде өз пікірлерін ортаға салды.
Туған жерді сүю – оның табиғатын аялаудан басталады!
Өткізген сынып жетекшісі: А.Д.Шақырман






