Сапалы тамақтану – бала денсаулығының кепілі!
Бүгін мектебіміздің асханасында бракераждық комиссия мүшелері оқушылардың тамақтану сапасына кезекті бақылау жүргізді.
Тексеру барысында ұсынылатын тағамдардың сапасы, дайындалу талаптарының сақталуы, тағамдардың сыртқы көрінісі мен дәмі, ас мәзірінің талапқа сәйкестігі, сондай-ақ асхананың санитарлық жағдайы назарға алынды.
Оқушылардың дұрыс әрі құнарлы тамақтануын қамтамасыз ету – мектеп ұжымының басты міндеттерінің бірі. Себебі дені сау бала – сапалы білім мен жарқын болашақтың негізі.
Бракераждық комиссияның жүйелі бақылауы мектеп асханасында қауіпсіз әрі сапалы тамақтану мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Балалардың денсаулығы – бәрімізге ортақ жауапкершілік!






