1 қазан – Қарттар күніне орай 5 «А» сынып оқушылары сынып жетекшісі А.Д. Шақырманмен бірге ардақты әжеміз Достаева Рымтай Ишановнаның шаңырағына арнайы барып, ақжарма тілектерін арнап, мерекесімен құттықтап қайтты.
Балаларымыз әжемізге жылы лебіздерін білдіріп көңілін көтерді.
Қарияларымыздың батасы мен өнегесі – кейінгі ұрпаққа жол көрсететін асыл мұра. Үлкенді құрметтеу, ізет көрсету – ұрпақ тәрбиесінің ең маңызды құндылықтарының бірі.
Қариясы бар үй – қазыналы үй.
Ардақты Рымтай Ишановнаға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық пен мол қуаныш тілейміз!






