Мектебімізде Ұстаздар күніне орай дәстүрлі «Дублер күні» ұйымдастырылды.
Бұл күні 11 сынып оқушылары бір сәтке ұстаз рөлін атқарып, сабақ беріп, білім мен тәрбиенің жауапкершілігін сезінді.
«Дублер күні» барысында оқушылар сабақ өткізуге дайындалып, өздерінің көшбасшылық, шығармашылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетті.
Аталған іс-шара оқушыларға ұстаз еңбегінің қаншалықты маңызды әрі жауапты екенін түсінуге, мұғалім мамандығына деген құрметін арттыруға мүмкіндік берді.






