ЖАРАТЫЛЫСТАНУ АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА «BRAIN RING» САЙЫСЫ ӨТТІ!Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында Жаратылыстану апталығы аясында оқушылардың білімін шыңдау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және пәндерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Brain Ring» зияткерлік сайысы ұйымдастырылды.Сайысқа 5–11-сынып оқушыларынан құралған 4 команда қатысып, өзара білім мен тапқырлықтың тартысты бәсекесіне түсті.Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Қатысушылар тарих, биология, химия және география пәндері бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін, шапшаңдықтары мен логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті.Қызықты сұрақтар мен танымдық тапсырмаларға толы сайыс барысында командалар белсенділік танытып, білімдерін ортаға салды. Оқушылар үшін бұл сайыс білімдерін тексеріп қана қоймай, жаңа мәліметтермен танысып, командалық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.Білімді ұрпақ – ел болашағы! Осындай зияткерлік сайыстар оқушылардың ізденімпаздығын арттырып, ғылымға деген қызығушылығын оятады.






