2026 жылғы 15 қазанда Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының мәжіліс залында Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету: қауіпті жағдайларды ерте анықтау, алдын алу және ведомствоаралық өзара іс-қимыл тақырыбында ведомствоаралық-құқықтық кеңес өтті.Жиынға Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Альмира Амановна Дюсупова, білім беру бөлімінің басшысы Толеген Канатұлы Ахаев, Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Зауреш Жаксалыковна Калиева, Баянауыл ауданы прокуратурасының прокуроры Ерболатов Еркегали Еркинович, аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Мұрат Тойласынұлы Аугалиев, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық жұмысы бойынша әдіскері Зарина Муратовна Сансызбай, сондай-ақ аудан мектептерінің басшылары, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтер мен психологтер қатысты.Кеңесті Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Альмира Амановна Дюсупова жүргізді.Жиын барысында балалардың құқықтарын қорғау, білім беру ұйымдары басшыларының заң алдындағы жауапкершілігі, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, ата-аналардың жауапкершілігі және мектеп әкімшіл






