Волейбол үйірмесі өз жұмысын жалғастыруда!Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және командалық рухты дамыту мақсатында волейбол үйірмесі жүйелі түрде жұмыс жасауда.Үйірме барысында оқушылар волейбол ойынының негізгі ережелерін меңгеріп, допты қабылдау, беру, шабуылдау және қорғану әдістерін үйренуде. Сонымен қатар, өзара ынтымақтастықты, шапшаңдықты, ептілікті және жауапкершілікті дамытуға мүмкіндік алуда.Спорт – денсаулық кепілі, ал бірлік пен табандылық – жеңіске жетелейтін басты қасиеттер!







