«ҚҰҚЫҚТЫҚ 5 МИНУТ» – ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ! 📚🏫 Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында қыркүйек айында 5–9 сынып оқушылары арасында «Құқықтық 5 минут» ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.🎯 Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттерін білуге үйрету, заңға құрметпен қарауға және жауапкершілікке тәрбиелеу.📌 Қарастырылған тақырыптар:🔹 №1. «Мен және менің құқықтарым»🔹 №2. «Құқықтар мен міндеттер: бір медальдің екі жағы»🔹 №3. «Құқықтық бағдаршам»🔹 №4. «Жауапкершілік дегеніміз не?»✨ Іс-шара барысында оқушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейтіп, күнделікті өмірде дұрыс шешім қабылдаудың және заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсінді.









