«ЖӨТЕЛУ ӘДЕБІ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ!»Мектебіміздің интернат тәрбиеленушілерімен денсаулығын сақтау, жеке бас гигиенасын қалыптастыру және жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында мектеп медбикесі «Жөтелу әдебі» тақырыбында түсіндіру жұмысын жүргізді.🩺 Іс-шара барысында оқушыларға жөтелгенде және түшкіргенде сақталуы тиіс гигиеналық ережелер түсіндірілді. Атап айтқанда:✅ Жөтелгенде және түшкіргенде ауыз бен мұрынды бір реттік сүлгімен немесе шынтақтың ішкі жағымен жабу;
✅ Қолды сабынмен жиі жуу;
✅ Пайдаланылған қағаз сулықты қоқыс жәшігіне тастау;
✅ Қолды көзге, мұрынға және ауызға тигізбеуге тырысу;
✅ Өзін жайсыз сезінген жағдайда ересектерге хабарлау.🌿 Тазалық – денсаулық кепілі! Қарапайым гигиеналық ережелерді сақтау арқылы өз денсаулығымызды қорғап, айналамыздағы адамдарға қамқорлық танытамыз.💚 Денсаулықты сақтау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз! Өткізген: мектеп медбикесі Дюсенова А








