7 желтоқсанда сағат 10.00 де мектебімізде 5-11 сынып оқушылары үшін “Бірыңғай профилактика сағаты” өтті. Баянауыл аудандық полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қожахметов Медет Қалтайұлы мектебімізге келіп оқушылармен кездесті. Мектеп басшысы “Жолдағы қауіпсіздік ережелері,зорлық-зомбылық түрлері, кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг,кибербуллинг мәселелері, қауіпсіздік ережелері” тақырыптарында түсіндірме жүргізді. Кездесу соңында оқушылар сұрақтарын қойып, жауап алды.