10 Ә сыныбында "Баланың мамандық таңдауына ата - ананың ықпалы" деген тақырыпта ата - аналар жиналысы өтті. Аталған шараға мектеп -интернаттың жоғарғы сыныптардың психологы Молдасарина Гүлжихан Қанатқызы келіп, "Ата-аналарды педогогикалық -психологиялық қолдау орталығы" жобасы аясында ата - аналарға балаларының мамандық таңдауына ықпал жасауда қандай жағдайларды ескергендері дұрыс болатыны туралы кеңес берді.