ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянауыл а.
+7 (718) 409 25 18
pvl_bayan_mi@mail.ru pvl.bayan_mi@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Шәкен Аймановтың 110 жылдық мерейтойына арналған «Шәкен жұлдыздары» концертті өтті.
Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1914 жылы 15 - ші ақпанда Павлодар облысы Баянауыл ауданы. Торайғыр ауылында Айманбұлақ деген жерде туған. Шәкен Кенжетайұлы Айманов Семей қаласындағы Каз Коммунада одан кейін педагогикалық техникумде оқыған жылдары көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене қатысады. Театр сахнасында қайталанбас образдарда қатысқан. Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1947 жылдан 1951 жылға дейін театрдың көркемдік жағын басқарумен қатар бас режиссер болып та істеді.
Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1953 жылдан 1970 жылға дейін «Қазақфильм» киностудиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің қанат жайып өркендеуіне де ерекше мол үлес қосты. Шәкен Аймановтың 1957 жылы түсірілген алғашқы кинотуындыларының бірі, «Біздің сүйікті дәрігер», музыкалық комедиясы. «Біздің сүйікті дәрігер» фильмі үшін 1958 жылы Ташкент қаласында өткен Азия мен Африка мемлекеттерінің Халықаралық Кинофестивалінде Шәкен Аймановқа естелік диплом табысталды. Ал 1959 жылы Киев қаласында өткен Бүкілодақтық Кинофестивальде Шәкен Айманов сыйлыққа ие болды. Шәкен аты қала берер жаңғырып,
Келер ұрпақ айта жүрер ән қылып.
Шәкен дархан, дарынды ұлы халықтың,
Жүрегінде сақталады мәңгілік.

© 2024. Все права защищены.