БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ аясында “Даналық” мектебі “Аққу”қыздар және “Әжелер” клубы ның ұйымдастырумен “Қыз ғұмырының құпиялары” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге аудандық “Нұрана” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Махметова Дария Жылқыбаевна, “Қазақ аналары дәстүрге жол” ұйым бірлестігінің мүшелері- Кулумжанова Тоғжан Макажанқызы, Жангельдина Бақыт Қанашқызы, Абушахманова Алма Ғалымқызы, қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Сакенова Ғ.Т, мектеп психологі Жұматова А.А, технология мұғалімі Бопихан К, сынып жетекшілер Солтаналина А.С, Арғын бай П.Е қатысты. Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани-адамгершілік, имандылық тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу. #біртұтастәрбие #әжелерклубы. #аққуқыздарклубы. #дөңгелекүстел. Ұйымдастырушы: БТЖО Е.М.Саликова