ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянауыл а.
+7 (718) 409 25 18
pvl_bayan_mi@mail.ru pvl.bayan_mi@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

sport 1

               СПОРТ НҰСҚАУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ

 

     Оқу жылының басында «Ар намыс» атты 10 дене шынықтыру пән мұғалімдерінен және 1 АӘД пәнінің мұғалімдерінен тұратын дене шынықтыру бірлестігі ұжымы құрылды. Барлық мектепішілік, аудандық спорттық іс шаралар бірлестікте қаралып жоспар құралады. Барлық денешынықтыру сабақтарымен спорт ұйірмелері жоспарға сәйкес өтуде. Спорт жабдықтарына сұраныс беріліп, қажетті спорт құралдарымен толықтырылды. Мектебімізде әр дене шынықтыру пән мұғалімдеріне бекітілген 11 спорт үйірмесі жұыс жасайды.

Қыркүйек айынан бастап мектепішілік жоспарға сәйкес қыркүйек айының 2 күні мектепішілік денсаулық күні өткізілді. Денсаулық күніне жалпы мектеп болып қатысты. Әр түрлі спорттық сайыстар өткізілді.

Қыркүйек айының 7 күні «2022 жыл Балалар жылына арналған» мектепішілік 5-6, 7-8, 9-11 сыныптары аралығында күзгі кросс жарысы өткізілді. Жарыстың мақсаты аудандық жарысқа іріктеу.

 

 

     Қыркүйек айының 9 күні аудандық 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында күзгі кросс жарысы өткізілді. Мектебіміздің 5-6 сынып оқушылары І орын, 9-11 сыныптар І орын алып, облыстық жарысқа жолдама алды.  Жаттықтырушысы: Сембин Н.Е.

        Қыркүйек айының 16-17 күндері аралығында Павлодар қаласында ұлттық лигасы аясында 9-11 сынып оқушылары арасында жеңіл атлетикалық кросс бойынша ІІ орынға ие болды. Жаттықтырушысы Сембин Н.Е.

        Қыркүйек айының 21 күні 4,7,9,11 сынып оқушыларынан Президенттік сынамалар қабылданды. Жалпы оқушылар саны 161. Тестілеуге қатысқан 143 оқушы, себепті қатыспаған оқушылар саны 18. Ұлттық деңгейдегі нормативін орындаған 3 оқушы. Президенттік деңгейде нормативін 1 оқушы орындады, қалған оқушылар орташа деңгейде орындады.

       Қыркүйек айының 22 күні Ш. Шөкин мектебінде Ш. Шөкиннің 110 жылдығына арналған аудандық футбол жарысында ұлдар командасы ІІ орынға ие болды. Жаттықтырушысы: Абдуев Н.С.

       Қыркүйек айының 23 күні аудандық ұлттық мектеп лигасы аясында футболдан 7-8 сынып оқушылары арасында қыздар командасы ІІІ орынға ие болды. Жаттықтырушысы: Абдуев Н.С.

Қыркүйек айының 28 күні грек-рим күресінен Микаелян Смбат Сандырұлын еске алуға арналған екінші аудандық ашық турнирінде ІІІ орын Романов Рустем, Ерсін Расул, Хамит Арафат. ІІ орын Сарбасов Ерік, І орынға Жанболат Әділ иеленді. Жаттықтырушысы: Дуйсенбеков К.Ж.

       Қыркүйек айының 29 күні ұстаздар күніне арналған үстел теннисінен «Ұстазым және мен» атты аудандық жарысы өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша ІІІ орын Д.Рахметов ат. ЖОББМ. ІІ орын Ш.Айманов ат.ЖОББМИ-1. І орын Ш. Айманов ат. ЖОББМИ – 2  командасы иеленді. Жүлдегерлер мектебіміздің кәсіподақ ұйымының тарапынан құнды сыйлықтармен марапатталды.

  

      Қазан айының 12 күні Солнечный кентінде волейболдан өткен облыстық жарыста 2010-2011 жылы туған қыздар командасы ІІ орын, 2008-2009 жылы туған қыздар командасы ІІ орынға ие болды. Жаттықтырушысы Ермеков А.К.

       Қазан айының 14 күні «2022 жыл Балалар жылына» арналған мектепішілік 5 асық жарысы өткізілді.

      Қазан айының 15-16 күндері аралығында Павлодар қаласында грек-рим күресінен Болат Рақышевты еске алуға арналған облыстық турнирде Қаби Ернұр ІІІ орын, Романов Рустем ІІ орынға ие болды. Жаттықтырушысы: Дуйсенбеков К.Ж.

      Қазан айының 19 күні Республика күніне арналған мектепішілік бастауыш сыныптары аралығында «Спорттық эстафета» жарысы өткізілді.

     Қазан айының 24 күні Екібастұз қаласында волейболдан облысытық жарыста 2010 жылы туған қыздар командасы ІІІ орынға ие болды. Жаттықтырушысы: Ермеков А.К.

       Қараша айының 6 күні Павлодар қаласында үстел теннисінен облыстық ашық чемпионатында Балтабек Инабат ІІ орын, Балтабек Іңкәр ІІІ орынға ие болды. Жаттықтырушысы: Салыков А.Б.

       Қараша айының 11 күні «2022 жыл Балалар жылына» арналған бастауыш сыныптары арасында «Көңілді сөре» жарысы өткізілді.

       Қараша айының 23-25 күндері аралығында Петропавл қаласында грек-рим күресінен КСРО спорт шебері Уалихан Құдышұлы Көркеевті еске алуға арналған Республикалық турнирде Жанболат Әділ І орынға ие болды. Жаттықтырушысы: Дуйсенбеков К.Ж.

     Қараша айының 25 күні мектепішілік үстел теннисінен бастауыш сыныптары аралығында жарыс өткізілді.

     Қараша айының 30 күні Ш. Аймановтің туғанына 108 жыл толуына орай және «2022 жыл Балалар жылына» арналған волейбол спорт түрінен 2008-2009 жылы туған қыздар арасында аудандық ашық турнирі өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша ІІІ орын М.Көпеев ат. ЖОББМ. ІІ орын Майқайың БЖСМ. І орын Ш.Айманов ат. ЖОББМИ иеленді.

     Желтоқсан айында грек-рим күресінен ҚР Тәуелсіздік күніне арналған аудандық турнирде ІІІ орынды Наби Нұрболат, Романов Рустем. ІІ орын Григорец Володия. І орын Қаби Ернұр, Жанболат Әділ, Сарбасов Ерік. Жаттықтырушысы: Дуйсенбеков К.Ж.

       Желтоқсан айының 2 күні Майқайың кентінде үстел теннисінен аймақаралық жарысында Балғабай Әдия, Балтабек Инабат, Жанатұлы Санжар ІІ орындарға ие болды. Балтабек Іңкәр І орынға ие болды. Жаттықтырушысы: Салыков А.Б.

      Желтоқсан айының 16 күні Павлодар қаласында үстел теннисінен облыстық ашық турнирінде Балтабек Инабат ІІІ орын. Балтабек Іңкәр І орынға ие болды. Жаттықтырушысы: Салыков А.Б.

      Желтоқсан айының 19-20 күндері аралығында Павлодар қаласында ұлттық мектеп лигасы аясында үстел теннисінен облыстық 7-8 сынып оқушылары арасында ІІІ орын Балтабек Іңкәр, Жанатұлы Санжар иеленді. Жаттықтырушысы: Салыков А.Б.

      Желтоқсан айының 23-25 аралығында грек-рим күресінен Облыстық ашық турнирінде ІІІ орын Нәби Нұболат, Қаби Ернұр, Романов Рүстем, І орын Жанболат Әділ. Жаттықтырушысы: Дуйсенбеков К.Ж

      Оқушыларымыз I жарты жылдықта осындай нәтижелер көрсетті. Келесі жылы жетістіктеріміз көбейе түседі деген үміттеміз.

      Ұстаздарымыздың жетістіктері:

      Қазан айының 23-і күні Республика күніне арналған волейболдан мекемелер арасында аудандық жарыста I орын.

     Қазан айының 31-і күні педагогтар арасында стритбол жарысында I орын.

     Желтоқсан айының 24-і күні волейболдан мекемелер арасында аудан әкімінің кубігінде II орынға ие болды. Осы жылы ұстаздарымыз да спорт жарыстарына белсене қатысты.

Sport 2

Sport 3

 

 

© 2024. Все права защищены.