|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
- Қаралды: 434
Қазан айының 17 күні сағат 11:00-13:00 аралығында З. Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде “Балалар құқықтары” жөніндегі уәкіл С.Шакенованың азаматтарды қабылдауы өтеді.Барлық кездесуге қатысамын деушілерге есік ашық! Келіп сұрақтарыңызды қоюға болады.

- Қаралды: 378
«МҰНЫ ӘРКІМ БІЛУІ ТИІС» ЖАСӨСПІРІМДЕР МЕН АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН БӨЛІМ
«ЖОҚ» деп айтудан қорықпа
Топтық қысымға және сынға қарсы тұруға көмектесетін «Ауызша дзюдо»
Егер сізді есірткіні пайдаланып көруге азғырса:
1. Қарсыластарыңызды тыңдаңыз, олардың дәлелдерін естігеніңізді көрсетіңіз, мүмкіндігінше көп сұрақтар қойыңыз және бәрібір нақты ЖОҚ деп айтыңыз.
2. Не пытайтесь придумать "уважительные" причины и оправдываться. Это только раззадорит группу и вызовет шквал оскорблений. «Дәлелді» себептерді ойлап табуға және ақталуға тырыспаңыз. Бұған топ тек даурығып және қорлайтын сөздер айтып шыға келеді.
3. Осы тақырыпта сөйлесуді жалғастырудан бас тартыңыз және балама нұсқаны ұсынуға тырысыңыз.
Егер сіздің нақты ЖОҒыңыз тоқтаусыз сын тудырса:
1. Ашу үстінде өзіңізге айтылғандарға мән бермеңіз. Негізгі қате – бұл кез-келген әділетсіз шабуылдаудан өз-өзін қорғағысы келу. Естеріңізде болсын, осындай жағдайда өз-өзін қорғауға әрекет ету тек қарсыласты қоздыра түседі.
2. Өзгелердің жеке қадір-қасиетін ешкім бағалай алмайтынына өзіңізді сендіріңіз, тек басқалардың істерін бағалауға болады. Сіздің жеке қасиеттеріңізді сынау дұрыс емес.
3. Есіңізде болсын, мақұлдамау тұрақты болмауы мүмкін. Даулар-өмірдің бір бөлігі. Егер бір адам екіншісін сынаса, бұл оның пайдасыздығын білдірмейді.
Осы қағидаларды қолдана білу, сіздің нақты және сенімді ЖОҚ дегеніңіз ЕРЕСЕК АДАМНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ МЕН ҰСТАНЫМЫНЫҢ ШЫНАЙЫ КӨРІНІСІ.
ЖОҚ деп айтудан қорықпайтын, өзіне сенімді адамдарды қоғам әлдеқайда жоғары бағалайды.
|
10
Қазан
2024
|
- Қаралды: 433
Мектеп парламенттінің ұйымдастыруымен жаңа жоба-жаңа рубрика.
“Суреттегі тұлға кім?”
|
10
Қазан
2024
|
- Қаралды: 467
1-2 сынып тәрбиеленушілерімен мектеп-интернатының кітапханасында кітапханашы А.Ш.Жунусовамен “Кітап- асыл қазына” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқулықтарын күтіп ұстауға үйрету.
Өткізген сынып тәрбиешілері: Н.М.Амирова
А.О.Садыкова

- Қаралды: 466
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде өткізілген “Толғауы тоқсан қызыл тіл” жас ақындар мүшәйра конкурсына белсене қатысқаны үшін Өмірбек Ибраһим алғыс хатпен марапатталды.

|
10
Қазан
2024
|
- Қаралды: 573
5-6 интернет тәрбиеленушілерімен "Қоғамдық орындарда өзіңді ұстай білу әдебі"атты тәрбие сағаты өтті.Мақсаты: Балаларды жақсы мен жаман іс - әрекеттерді ажырата білуге үйрету; қоғамдық орындарда өзін ұстау , адамдармен сыпайылықпен сөйлесуге дағдыландыру;
Мылтықбай Т.Ж.
10-11 сынып тәрбиеленушілерімен “Білгенге маржан” тақырыбында сайыс сабақ өткізілді. Өткізген: Ж.Т.Садакова, Г.Б.Абилова

|
10
Қазан
2024
|
- Қаралды: 538
3 ә сынып тәрбиеленушілерімен “Дәрумендер - денсаулық кепілі!” атты тәрбие сағаты өткізілді
Сынып тәрбиешісі: Б.Б.Айнагулова

|
10
Қазан
2024
|
- Қаралды: 427
4 сынып тәрбиеленушілері күзгі баққа саяхат жасады.
Тәрбиешілері: Ж.Сейтова

|
9
Қазан
2024
|
- Қаралды: 446
Облыстық “ЭКОboom” жобасы аясында “Күзгі сыйлықтар” акциясына 3 “ә” сынып оқушысы Балғабай Альфия белсене қатысуда.








