|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
15
Сәуір
2024
|
- Қаралды: 368
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 7 сыныптар арасында «Ең үздік оқырман-2024» байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын, кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Байқау екі кезеңнен өтті.
1-кезең. Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін жатқа айту.
2-кезең. «Сұрақ-жауап»
Іс-шараның қорытындысы бойынша 1. Бас жүлде «Ең үздік оқырман-2024», «Білімпаз оқушы», «Ізденгіш оқушы», «Озық ойлы», «Зерделі шәкірт» және «Алғыр оқушы» номинацияларымен марапатталды.
Демеушілер:Бейсекеев Аслан Сансызбаевич, Мусабеков Қанат Ерсинович, Салыков Акимбек Балтабекович, Арғынбай Перизат Ержанқызы, Ханатұлы Жасыбай, Тұрсынбай Ануар Серикович, Ермеков Арғын Қанатович,
Садикова Айнұр Олжашевна, Қайрат Ира Михайловна, Айдарахметов Арман Буркутович
|
13
Сәуір
2024
|
- Қаралды: 376
Баянауыл ауылындағы орналасқан “Жас дәурен” облыстық оқыту-сауықтыру орталығына Қостанай облысынан келген демалушылармен мектебіміздің ұйымдастырумен спорттық шара өтті. Шара соңында тәтті дастархан жайылып, балалар ауыз тиді.
|
12
Сәуір
2024
|
- Қаралды: 321
12 сәуір Ғарышкерлер күніне орай «Ғарышкер ағаларымыз» атты сыныптан тыс іс-шара өтті. Мақсаты: Оқушыларды еліміздің ғарышкерлерімен таныстырып, ойын арқылы оқушылардың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін ояту. Шара барысында бейнеролик көріп, сұрақтарға жауап беріп, ойын пазл құрастыру сияқты қызықты сәттер болды.
|
15
Сәуір
2024
|
- Қаралды: 424
Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы С.Нұрмағамбетовтың және Халық Қаһарманы Р.Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған облыстық “Сардар-2024” АӘТД оқытушылары арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен өткен жарыста мектебіміздің жас маманы Тұрсынбай Ануар Серікұлы 1 орын иеленді. Құттықтаймыз!

- Қаралды: 333

- Қаралды: 333
12 Сәуір Ғарышкерлер күніне 1 сынып тәрбиеленушілерімен тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: жас ұрпақтың патриоттык, отаншылдық сезімін оята отырып, елiн, жерiн, сүюге, курметтеуге тәрбиелеу, ғарышкерлерге деген құрмет сезiмге баулу. Өткізген сынып тәрбиешісі А.О.Садыкова
|
12
Сәуір
2024
|
- Қаралды: 319
Қазақ КСР Ғылым Академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, Кеңес Одағы мен Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтың тұңғыш академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл. Осы күнге орай мектеп кітапханасында викториналық сайыс ұйымдастырылып, өмірбаяны мен еңбек жолы таныстырылды.
|
13
Сәуір
2024
|
- Қаралды: 338
“Оқуға құштар мектеп “ жобасы аясында өтіп жатқан “Менің сүйікті кітабым “ челленджі Әбіш Кекілбаевтың “ Шыңырау “ туындысынан 11 сынып оқушылары эссе жазды.
|
12
Сәуір
2024
|
- Қаралды: 463
Бүгін - ұлы ғалым, Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жы








