ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянауыл а. Мұса Шорманов көшесі, 2
+7 (718) 409 25 18
pvl_bayan_mi@mail.ru pvl.bayan_mi@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ
23
Қазан
2025

25 Қазан – Республика күніне орай 5, 6, 7-сынып интернат тәрбиеленушілерімен мерекелік іс-шара өткізілді.

Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, шығармашылық қабілеттерін шыңдады.⠀ Тәрбиелік мәні зор бұл жиын балалардың бойында отансүйгіштік сезім, ұлттық сана-сезім және мәдени құндылықтарға деген құрметті арттырды.

20
Қазан
2025

Менің Отаным – Қазақстан!

25 қазан – Республика күніне орай 1”А”, 1”Ә”, 2”Б”, 7”Ә” сыныптарында сынып сағаттары өткізілді.

Мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, туған елге деген мақтаныш пен құрметті арттыру.

23
Қазан
2025

25 Қазан – Республика күніне орай мектебімізде мерекелік концерт ұйымдастырылды!
Бұл мереке – Тәуелсіз еліміздің бірлігін, рухын дәріптейтін күн. Концерт оқушылардың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, отансүйгіштікке баулу мақсатында өтті.

Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймыз!

20
Қазан
2025

Ұлттық STYLE – рухани жаңғыру жолы!

Интернат тәрбиеленушілерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ”Ұлттық STYLE” жобасы аясында шығармашылық жұмыс ұйымдастырылды.
⠀ Оқушылар ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен безендірілген этно стильдегі бұйымдар жасап, қазақи сән мен өнерді жаңғыртты.

22
Қазан
2025

Баянауыл ауданының полицейлерімен бірлескен Шәкен Айманов атындағы ЖОББ мектеп-интернатының 4а-сынып оқушыларымен бейнелеу өнер пәнінің мұғалімі А.Т.Исаева Республика күніне орай сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушыларды үш топқа бөліп, «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында сурет салу сайысын ұйымдастырды.

Оқушылар өз туындыларында еліміздің тәуелсіздігін, табиғатының сұлулығын және бейбіт өмірдің маңыздылығын бейнеледі.
Полицейлер жас ұрпаққа отансүйгіштік, заңды құрметтеу және ел игілігі үшін еңбек етудің маңыздылығын түсіндірді.
Мұндай кездесу сабақ оқушылардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, елге деген сүйіспеншілігін қалыптастырады.

17
Қазан
2025

2025 жылғы 17 қазан күні Республика күніне арналған 3-5 сынып оқушылары арасында үстел теннисінен жарыс өткізілді.

25

21
Қазан
2025

«Тарих. Тұлға. Тағылым»

Мектебімізде даңқты қолбасшы, жазушы, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Тарих. Тұлға. Тағылым» атты танымдық дөңгелек үстел өтті.
Шара барысында оқушылар Бауыржан Момышұлының өмір жолы, ерлігі мен әдеби мұрасымен танысып, тарихи деректер мен тағылымды ойлармен бөлісті.

17
Қазан
2025

2025 жылғы 15 қазан күні Республика күніне арналған волейбол спорт түрінен 8-11 сыныптары аралығында мектепішілік лигасы өткізілді. Жарыс нәтижесі бойынша
І орын 11 сынып командасы.
ІІ орын 10 сынып командасы.
ІІІ орын 9 сынып командасы

24

21
Қазан
2025

”Ел тарихы – Тудың тарихы”

25 қазан — Республика күніне орай мектебімізде оқушылар мемлекеттік Туымызды ұлықтап, рәмізге деген құрметін, елге деген сүйіспеншілігін көрсетті.

17
Қазан
2025

Еңбегі адал жас өрен!

Мектебімізде 1–7 сынып оқушылары арасында “Күзгі асар”атты қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеде оқушылар мен ата-аналардың бірлесіп жасаған түрлі қолдан жасалған бұйымдары мен күзгі жемістерден жасалған шығармашылық туындылары көпшіліктің көңілінен шықты.

Үздік туындылар номинациялармен марапатталып, белсенділік танытқан оқушыларға алғыс хаттар табысталды. ⠀
Бұл шара оқушыларды еңбекқорлыққа, шығармашылыққа, табиғатты сүюге тәрбиелеп,бағалауға үндейді.

© 2026. Все права защищены.