|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
11
Желтоқсан
2025
|
- Қаралды: 157
Бүгін 8 «Ә» сыныбында физика пәнінен Lesson Study әдісі бойынша зерттеу тобы сабаққа қатысты. Зерттеу жұмысының мақсаты – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, күрделі ұғымдарды түсіндіруде тиімді оқыту тәсілдерін анықтау және оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау. Сабақ барысында зерттеу тобы бақылау парақтары арқылы оқушылардың әрекеттерін, ынтымақтастығын және тапсырмаларды орындау динамикасын қадағалады. Алынған деректер келесі отырыста талданып, мұғалімнің оқыту тәжірибесін жетілдіруге ұсыныстар ретінде қарастырылады.
|
9
Желтоқсан
2025
|
- Қаралды: 166
Мектеп парламентінің Ақпарат фракциясы атынан Қабыш ағайды шын жүректен құттықтаймыз!
Мектебіміздің абыройлы қызметкері, көптеген жылдар бойы оқушылардың қауіпсіздігін қамдап келе жатқан құрметті автобус жүргізушісі – Қабыш ағайдың 63 жас мерейлі тойы!
Сіз әр таңды жылы жүзбен қарсы алып, талай буынның мектепке аман-есен жетуіне себепкер болып келесіз. Еңбегіңіз – ерен, мінезіңіз – үлгі, адамгершілігіңіз – баршаға өнеге.
Жасыңыз құтты болсын, Қабыш ағай!
Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға бақ-береке, еңбегіңізге жеміс тілейміз!
Әрбір күніңіз шаттыққа, қуанышқа толы болсын!
Ізгі тілекпен:
Мектеп парламентінің “Ақпарат” фракциясы
|
11
Желтоқсан
2025
|
- Қаралды: 143
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен білім саласында ауқымды реформалар жүзеге асырылуда, оның ішінде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 217 заманауи мектепте 460 мың оқушы сапалы біліммен қамтылады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова «Адал білім – адал ұрпақ» республикалық форумында атап өтті
https://t.me/oqu_agartu/18461
|
9
Желтоқсан
2025
|
- Қаралды: 149
✨ Мектеп Парламентінің игі ісі ✨
Бүгін мектеп парламентінің оқушылары Бақыт Сағашевнаның үйіне барып, ауладағы қарды күреп, көмек көрсетті.
Бұл — оқушыларымыздың үлкенді құрметтеу, бір-біріне қолдау көрсету сияқты адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп келе жатқанын көрсетеді.
Қыстың қарлы күні жылы көңіл сыйлаған оқушыларға үлкен алғыс!
- Қаралды: 159
10 «А» сыныбында химия және биология пәндерінен “Абсорбция және реабсорция” тақырыбында интеграцияланған сабақ өтті.
Сабақ барысында оқушылар абсорбцияның химиялық тұрғыдан жүру механизмін және реабсорбцияның биологиялық маңызын салыстыра отырып талдады. Пәнаралық байланыс негізінде оқушылар бөлу және сіңіру процестерінің ағзадағы рөлін терең түсінді.
Практикалық бөлімде тәжірибелер жүргізіліп, оқушылар теориялық білімдерін қолдану мүмкіндігіне ие болды. Интеграцияланған сабақ оқушылардың ғылыми көзқарасын кеңейтіп, пәндер арасындағы байланысты түсінуге ықпал етті.
Сабақты өткізген пән мұғалімдері:
Смагулова Қ.Ы.
Адилбекова С.С.
|
9
Желтоқсан
2025
|
- Қаралды: 188
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында өткен облыстық «Тәртіп отбасынан басталады» спорттық эстафетасында мектебіміздің Сағынбековтер отбасы жүлделі III орынға ие болды.
Жеңістеріңіз құтты болсын!
Отбасының ауызбіршілігі мен үлгілі тәртібі баршаға өнеге болып қала берсін.

|
10
Желтоқсан
2025
|
- Қаралды: 173
Қолайсыз ауа-райына байланысты 2025 жылдың 10 желтоқсан күні Баянауыл ауданының барлық мектептерінде мектепалды даярлық сыныптары мен 1–9 сыныптары қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды. Оқушыларды тасымалдау уақытша тоқтатылды.

|
9
Желтоқсан
2025
|
- Қаралды: 178
Буллингті уақытында анықтап, дер кезінде әрекет ету — оның алдын алудың ең тиімді жолы
🛡️2022 жылдан бастап елімізде «буллинг» және «кибербуллинг» ұғымдары заңнамалық деңгейде бекітілді. Ал 2024 жылдан бастап бұл әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
📩 Ағымдағы жылдың 11 айында 404 іс тіркеліп, оның ішінде 238 адам жауапкершілікке тартылды.
⤴️ Жоғарыда берілген инфографикада — әрекет ету алгоритмі, құқықтық шаралар және ата-аналарға, педагогтер мен мамандарға арналған нақты ұсынымдар ұсынылған.








