|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
21
Сәуір
2026
|
“Ұлттық STYLE” жобасы аясында
Мектеп-интернатымызда “Ұлттық STYLE” жобасы аясында тәрбиеленушілердің қатысуымен сәукеле, тақия сияқты ұлттық бас киімдерді тігу жұмыстары ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – оқушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының дәстүрлі киім үлгілерін таныстыру және қолөнерге деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиеленушілер ұлттық нақыштағы бас киімдерді өз қолдарымен дайындап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Әрбір жұмыс ұлттық ою-өрнекпен безендіріліп, ерекше стильде ұсынылды.
|
21
Сәуір
2026
|
Ұлттық кітап күні аясында «Кітап мұқабасын жаса» атты арт-терапиялық шарасы өткізілді. Шараның басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту, кітапқа деген қызығушылығын арттыру және өз ойын көркем түрде жеткізе білуге баулу.
Қатысушылар өз қиялындағы кітаптың мазмұнын елестетіп, соған сай ерекше мұқабалар дайындады. Әрбір жұмыс өзіндік идеямен, тың көзқараспен ерекшеленіп, түрлі бояулар арқылы әсерлі бейнеленді. Оқушылар үшін бұл тек сурет салу ғана емес, ішкі сезімдерін шығармашылық арқылы білдірудің бір жолы болды.
Шара барысында жасалған мұқабалар көрме ретінде ұсынылып, қатысушылар бір-бірінің еңбектеріне қызығушылықпен қарап, өзара пікір алмасты. Мұндай бастамалар оқушылардың қиялын шыңдап, кітап әлеміне деген сүйіспеншілігін арттыра түседі.







