Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
---|
9
Қараша
2023
|
Қараша айының 8 ші жұлдызы күні КСРО халық әртісі, режисер, актер данықты жерлесіміз Ш.Аймановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Шәкенттану» арнайы курсына қатысатын 8 а сынып оқушылары мен сынып жетекшісі А.С.Солтаналина мен «Шәкенттану» курсының жетекшісі Е.Б.Рахимтаев Торайғыр ауылына рухани саяхат ұйымдастырды. Саяхат барысында оқушылар мектеп автобусымен ең әуелі Ш.Айманов, К.Кенжетаев өмірге келген балалық шағы өткен «Айманбұлақ» қыстауына тоқтады. Оқушылар тазалық жұмыстарын жүргізіп, Ш.Аймановтың туған жері, балалық шағы туралы құнды мәліметтермен қанықты. Ары қарай саяхат ақиық ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мазарында жалғасын тапса, одан әрі Торайғыр сақ қорғандарында жалғасты. Жалпы саяхат маршруттының соңғы нүктесі Торайғыр ауылындағы «Әулие бұлақ» болды. Әулие бұлақ басынан оқушылар шипалы судан дәм татып, қызыл кітапқа енген қанды қарағаш ағашының тарихымен танысты.
9
Қараша
2023
|
Мектебімізде 2023-2024 жаңа оқу жылының 2 тоқсан басталуына орай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде «Жас Ұлан» ұйымының жылдық жоспарына сай атқаратын жұмыстар қаралып, облыстық жобалар мен байқаулар қатысу жөнінде талқыланды.
Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру,танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау, жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыта отырып тәрбиелеу мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілетіні шешілді.