|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің апталық жоспарына сай “Тіл тағдыры – ел тағдыры” тақырыбында дебат сайысы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, тілдің қоғамдағы маңызын түсіндіру, өз ойын еркін әрі дәлелді жеткізе білуге үйрету. Сонымен қатар, пікірталас мәдениетін қалыптастырып, оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға бағытталды.
Дебат барысында қатысушылар тілдің ел болашағындағы рөлі туралы өз көзқарастарын білдіріп, түрлі дәлелдер келтіріп, ойларын ортаға салды. Оқушылар белсенділік танытып, тақырыпты жан-жақты талқылап, пікір алмасу арқылы өз білімдерін көрсетті.
Осындай танымдық әрі тәрбиелік мәні зор іс-шаралар оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелейді.
Өткізген: Т.Қ.Ахатов
А.Д.Шақырман
|
30
Наурыз
2026
|
1 «А» сыныбында «Кітап – рухани қазына» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Оқушылар кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы ой бөлісіп, білімнің қайнар көзі екенін түсінді. Балалар өздерінің сүйікті кітаптарын таныстырып, оқу мәдениетін дамытуға белсенді қатысты.\








