|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
20
Наурыз
2026
|
Көктемгі демалысты кітаппен өткізейік! 🌸
Құрметті мектебіміздің оқырмандары!
Сіздерді «Әдебиет әлемінде – Көктем самалы» атты кітап оқу челленджіне қатысуға шақырамыз.
📖 Демалыс күндеріңізді мазмұнды әрі пайдалы өткізіп, кітап арқылы жаңа әлемдерді бірге ашайық!
✨ Ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани байлығымызды арттырайық!
|
20
Наурыз
2026
|
«Әз Наурыз» атты тәрбие сағаты өтті 🌿
Мектепалды даярлық «А» сыныбында «Әз Наурыз» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында бүлдіршіндер қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтары туралы мағлұмат алып, мерекенің мән-маңызын түсінді.
Балалар ән айтып, тақпақтар оқып, ұлттық ойындар ойнап, Наурыз мерекесінің көркін аша түсті.
Тәрбие сағатының мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен дәстүрге деген құрметті қалыптастыру.
👩🏫 Тәрбиешісі: Мусабекова Т.Т.
🌸 Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! 🌸







