|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
30
Желтоқсан
2025
|
Пиротехниканы қолдану кезіндегі негізгі өрт қауіпсіздік ережелері
• Пиротехникалық бұйымдарды тек арнайы рұқсат етілген сауда орындарынан сатып алыңыз.
• Қаптамасы бүтін, сертификаты және қолдану нұсқаулығы бар өнімді ғана пайдаланыңыз.
• Жарамдылық мерзімі өткен пиротехниканы қолдануға тыйым салынады.
• Пиротехниканы тек ашық алаңда, ғимараттардан, ағаштардан, электр сымдарынан алыс жерде қолданыңыз.
• Көпқабатты үйлердің ауласында, балкондарда, терезелерден атуға болмайды.
• Балалардың пиротехниканы өз бетінше қолдануына қатаң тыйым салынады.
• Мас күйінде пиротехниканы қолдануға болмайды.
• Қолданар алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
• Оталған бұйымға еңкейіп қарамаңыз, іске қосылмаса, кемінде 5–10 минут күтіп, содан кейін ғана залалсыздандырыңыз.
• Пиротехниканы тұрғын үйлердің ішінде, кіреберістерде, шатырларда қолдануға болмайды.
• Пайдаланылмаған пиротехниканы от көздерінен алыс, құрғақ жерде сақтаңыз.
• Өрт сөндіру құралдарын (су, құм, өрт сөндіргіш) алдын ала дайындап қойған жөн.
⚠️ Ескерту: Пиротехниканы пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік талаптарын бұзу адам өмірі мен мүлкіне қауіп төндіреді.
|
29
Желтоқсан
2025
|
Облыстық ашық турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері!
Жарыс қорытындысы бойынша оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды:
🥇 І орын – Романов Рүстем, Ерулан Ерболат
🥈 ІІ орын – Олжабай Ерасыл, Ракимғали Ералы
🥉 ІІІ орын – Серік Нұрасыл, Мейрам Амир, Қайрат Иса, Сартай Алмас, Амангелді Сұлтан
Жас спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыра берсін! 💪👏
Жаттықтырушысы: Дуйсенбеков К.








