Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
---|
23
Сәуір
2024
|
Бүгін 23 сәуір- Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай мектеп кітапханасында 5-7 сынып оқушыларының қатысуымен Баянаулдың құрметті азаматы, мектебіміздің түлегі, ардагер Салықов Абдығомар атамыз және мектебіміздің ардагер ұстазы, кітапханашысы Мукатова Ермек Кабдулловнамен кездесу өтті. Кездесуде оқушыларға «Кітап-білім бұлағы» тақырыбында оқушыларға ой қозғалып, кітап оқуға шақырды. Абдығомар ата өзінің жарыққа шығарған кітаптарымен таныстырып, өлеңдерін оқып берді. Шара барысында оқушылар сауалдарын қойып, жауап алды. Өткізген кітапханашы Жунусова А.Ш.
2024 жылғы сәуір айының 17 күні Ж.Аймауытовтың 135 жылдығына арналған мектепішілік 5-8 сынып оқушылары аралығында волейбол спорт түрінен жарыс өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша ІІІ орын 10"а"сыныбы, ІІ орын 9 сынып, І орынды 10"ә" сынып командасы жеңіп алды. Жарыс барысында ерекше көзге түскен ойыншылар марапатталды."Үздік доп байланыстырушы" Сабитова Аружан, "Үздік шабуылшы" Аманжол Аружан, "Үздік ойыншы" Оралтай Айжаным. Құттықтаймыз!!!