Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
---|
12-15 қаңтар күндері Павлодар қаласында қазақ күресінен 2007-2008 жт және қыздар арасында 2009-2010 жт кіші жасөспірімдер арасында облыс чемпионатында мектебіміздің оқушылары 10 сынып оқушысы 50 кг салмақта Санақбай Мейржан 3 орын, 10 сынып оқушысы 60 кг салмақта Айдархан Жақсылық 3 орын, 10 сынып оқушысы 60 кг салмақтаСерік Нұрқасым 3 орындарды, 8 сынып оқушысы Тасболат Расул 75 кг салмақта 1 орынды, 9 сынып оқушылары 52 кг салмақта Русланқызы Зарина 3 орынды, Хамитова Наргиз 48 кг салмақта 3 орынды иеленді. Құттықтаймыз! Алда Талдықорған қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатында облыс намысын қорғайтын болады сәттілік тілейміз.
Ата - аналарды қолдау орталығының жұмысына сәйкес 5-6сынып оқушыларының әкелерімен «Бұлақ көрсен көзің аш. Әке- асқар тау» тақырыбында семинар - тренинг өтті. Мақсаты: бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін зор екенін түсіндіру, отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасындағы жаупкершілікті арттыру. Ұйымдастырып өткізген мектеп психологы А.А Жуматова, БТЖО Е.М. Саликова.
Сынып жетекшілер: Ж.Ш.Сарбасова, Ж.Ж.Успанова