|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
23
Маусым
2026
|
“Тұлпар” жазғы сауықтыру лагерінің 2-ші кезеңінің 5-ші күні.
⛹🏻🤸🏻♀️таңғы жаттығу өткізілді.
📍”Торайғыр” жағажайына саяхат ұйымдастырылып, балалар қозғалмалы ойындар, суда шомылды
«Заң және тәртіп» идеологемасының негізгі іс-шаралар жоспары аясында 23 маусым күні “Тұлпар” жазғы сауықтыру лагерінде «Следствие ведет Адал бала” атты детективті шара өтті.
👭👬 бүгінгі күніміз заң мен тәртіп ережелеріне баса назар аударуға байланысты өтті
|
12
Маусым
2026
|
Жазғы мектеп – білім мен ізденіс алаңы!
Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының жанындағы Жазғы мектеп өз жұмысын нәтижелі түрде жалғастыруда.
Сабақ барысында оқушылар негізгі пәндер бойынша білімдерін тереңдетіп, өткен тақырыптарды қайталап, оқу дағдыларын жетілдіруде. Әрбір сабақ қызықты әрі мазмұнды өтіп, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Ұстаздар тарапынан көрсетілетін қолдау мен жүйелі жұмыстар білімдегі олқылықтардың орнын толтырып, жаңа оқу жылына тың дайындық жасауға мүмкіндік беруде.
Жазғы мектеп – оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып қана қоймай, олардың өзіне деген сенімін нығайтып, білім көкжиегін кеңейтетін ерекше орта.
🌟 Білімге бастар жолдарыңыз ашық болып, әр күніңіз жаңа жетістіктерге толы болсын!







