Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
---|
2023 жылғы 24 қараша күні волейбол спорт түрінен мектепішілік 8-11 сынып оқушылары арасында мектеп лигасы ұйымдастырылды. Жарысқа алты команда қатысып, келесідей нәтиже көрсетті. ІІІ орынды 9а сыныбы, ІІ орынды 10ә сыныбы, І орынды 11 сыныбы иеленді. Жарыста "үздік ойыншысы" аталымымен Қамар Толғанай, "Үздік шабуылшы" аталымымен Олжатай Төрекелді,"Үздік доп жалғаушы" аталымымен Сабитова Аружан ерекше ойын көрсеткендері үшін марапатталды. Жарысты үйымдастырған А.К.Ермеков. Құттықтаймыз!
27
Қараша
2023
|
“Жас ұлан” ұйымы және мектеп парламенттінің ұйымдастырумен мектебіміздің 5- 7 сыныптар арасында мектепшілік «ECO-Planena» конкурсына қатысуға шақырамыз.
Конкурс мақсаты:
• Оқушылары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету.
• Оқушыларға өзіндік модельдеу, дайындау және экологиялық-ағартушылық жұмысқа қатысу арқылы қалдықтарды өзгеше түрде кәдеге жаратумен байланысты экологиялық мәселелерді шешуде шығармашылық ізденіс мүмкіндігін беру.
Конкурс міндеттері:
❖ Экологиялық дүниетаным мен ойлауды қалыптастыру;
❖ Экологиялық білім берудің субъектілік-ақпараттық өрісін кеңейту;
❖ Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
❖ Оқушылардың назарын ауданымыздың экологиялық мәселелерін бірлесіп шешуге аудару.
Конкурстың өтетін орны және мерзімі:
2023 жылы 30 қараша күні сағат 16:00 де «Қалмұқан Исабаев» кабинеті.
Конкурсты өткізу тәртібі
➢ Конкурсқа 5-7 сынып оқушылары қатысады;
➢ Әр сыныптан 1 команда, әр командада 3 оқушыдан.