Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
---|
15
Ақпан
2024
|
2024 жылдың 5,6 ақпан күндері 5-6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Жалпы 12 оқушы қатысты. 8 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Қайыржан Айзере 5-сынып оқушысы орыс тілі пәнінен (мұғалімі Хасенова Г.Б), Рамазанова Ботагоз 5-сынып оқушысы Қазақстан тарихы пәнінен ІІ орын (мұғалім Айтимова Р.М), Зарахан Ақбаян 5-сынып оқушысы, математика пәнінен ІІ орын(мұғалімі Маханова Г.М), Мыңғыш Шыңғыс 5-сынып ағылшын тілі пәнінен ІІ орын(мұғалімі Абдуева А.А), Мұрат Ботажан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 6-сынып оқушысы ІІ орын(мұғалімі Сакенова Ғ.Т), Балғабай Мадина 6-сынып оқушысы математика пәнінен ІІІ орын (мұғалімі Арғынбай П.Е), Солтанова Жанель 6-сынып оқушысы, ағылшын тілі пәнінен(мұғалімі Кульжанова Б.Р), Шадет Есназар 6-сынып оқушысы, орыс тілі пәнінен ІІІ орын(мұғалімі Хасенова Г.Б) Олимпиадада оқушылар мен ұстаздарды құттықтаймыз!
15
Ақпан
2024
|
2024 жылдың 15 ақпан күні Баянауыл көпсалалы колледжде кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Ашық есік күні өтті, оған Ш.Айманов атындағы ЖОЮБ мектеп- интернатының 9 сынып түлектері қатысты. Колледж мамандықтары туралы Колледж басшысы Асылхан Манарбекұлы таныстырып, бейнероликке шолу жасалып, презентация көрсетілді.Іс - шара барысында талапкерлер колледждің оқу-өндірістік базасымен танысты. Колледж ұстаздары мен қызметкерлеріне және студенттерге рахмет!