|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
17
октября
2025
|
- Просмотров: 150
Дебат турнирі мектебімізде!
📍 Тақырып: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»
Бүгін мектебімізде оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, тілге деген құрметін арттыру мақсатында қызықты да танымды дебат турнирі өтті! 💬
🗣 Оқушылар «Өзге тілді меңгеру – заман талабы ма?» және «Ана тіліміздің мәртебесін қалай көтереміз?» сынды маңызды сұрақтар төңірегінде пікір алмасты. Екі жақтың да дәйектері тыңдалып, тартысты әрі мазмұнды ойлар айтылды.
🔹 Турнирдің мақсаты – көптілділікке ұмтылу арқылы өз тілімізге деген сүйіспеншілікті арттыру, ана тіліміздің қадірін түсіндіру.
💬 «Тілді ұмытқан – тарихын ұмытады» дегендей, қай тілді меңгерсек те, өз тілімізге деген құрмет – мәңгілік міндетіміз!
|
14
октября
2025
|
- Просмотров: 243
Қауіпсіз қоғам – ортақ жауапкершілік!
Мектебімізде 6-сынып оқушыларымен құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесу өтті.
Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілі оқушыларға зорлық-зомбылықтың алдын алу, қауіпті және заңмен тыйым салынған заттардан аулақ болу, қылмыстық кодекстегі негізгі ережелер туралы түсінік берді.
Кездесудің мақсаты – балалардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қоғамдағы қауіпсіздік пен заңға құрметті арттыру.

|
16
октября
2025
|
- Просмотров: 160
Құттықтаймыз!
«Ақберен» өнер байқауында жүлдеге иеленген Жумаканова Айымды шын жүректен құттықтаймыз!
Жетекшісі:Е.М. Саликова
Жеңістеріңіз мол болсын, шығармашылық шабыт тілейміз!

|
14
октября
2025
|
- Просмотров: 166
«Үзіліс кезінде кітап оқуды баста!»
Мектебімізде «Оқуға құштар мектеп»жобасы аясында ерекше кітап оқу сәті өтті. Үлкен үзіліс кезінде оқушылар өз сүйікті кітаптарын оқып, білімге деген құштарлықтарын танытты.
Кітап оқуға сіз де уақыт бөліңіз!

|
16
октября
2025
|
- Просмотров: 213
Бүгін 1, 2, 3-сынып интернат тәрбиеленушілерімен ”Денсаулық сақшысы – медбике!”тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Балаларға медбикенің атқаратын қызметі, тазалық пен жеке бас гигиенасының маңызы жайлы түсінік беріліп, денсаулықты сақтау жолдары жайлы пайдалы ақпарат ұсынылды. Өткізген:
Н.М. Амирова,
А.О. Садыкова
Сонымен қатар, 8-сынып оқушыларымен «Отбасы және неке»тақырыбында маңызды тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатында оқушылар отбасылық құндылықтар, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, жауапкершілік пен сыйластық туралы мағлұмат алды.
Іс-шараны өткізген: Ш.Н. Фаменова

|
13
октября
2025
|
- Просмотров: 332
Мектебімізде жаңа мектеп президенті ант қабылдады!
Бүгін мектебіміз үшін ерекше күн болды! 🏫
Жаңа сайланған мектеп президенті — Жанатқызы Аққу салтанатты түрде ант қабылдап, өз міндетіне ресми түрде кірісті. 🇰🇿🎓
🔹 Президентіміз мектеп оқушыларының құқықтары мен мүдделерін қорғауға,
🔹 Ұйымдастырушылық іс-шараларға белсене қатысуға,
🔹 Жауапкершілікпен, адал қызмет етуге уәде берді.
Бұл — жаңа бастамалардың, тың идеялардың және жарқын жобалардың бастауы болмақ! ✨
Жаңа президентімізге табыс, шабыт және зор сенім артамыз! 💪
|
15
октября
2025
|
- Просмотров: 146
🍏 ”Дәмді және пайдалы: дұрыс тамақтану ережесі!”
Дүниежүзілік дұрыс тамақтану күніне орай мектебімізде іс-шаралар өткізілді.
📌 1 “А”, 2 “Ә”, 2 “А”,5 “Ә”, 6 “А” сыныптарында *
дұрыс тамақтанудың маңызын түсіндіруге арналған тәрбие сағаттары өтті.
Мектептің медицина қызметкері оқушыларға пайдалы және зиянды тағамдар, күнделікті ішілетін судың мөлшері, таңғы астың маңызы туралы түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын ұстанудың жолдарын ұсынды.
Бұл шара оқушылардың тамақтану мәдениетін қалыптастыруға, денсаулығын нығайтуға бағытталған маңызды бастама болды.

|
13
октября
2025
|
- Просмотров: 183
🟣 Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Павлодар облысының білім беру басқармасының бастамасымен ерекше бағыттағы «Ұлттық Style» жобасы өз жұмысын бастады!
🟡 Жобаның мақсаты – ұлттық киім мен мәдениетті заманауи стильмен үндестіре отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және ұлттық рухты дәріптеу.
📅 Әр айда жаңа тақырыппен жалғасады/келесі сурет/
🟤 Ұлттық құндылықтар мен эстетиканы ұлықтайтын бұл игі бастамаға белсенді қатысуға шақырамыз!
🇰🇿 Ұрпақ тәрбиесінде ұлт рухын көтерер жобаның берері мол!

|
15
октября
2025
|
- Просмотров: 141
Мектебіміздің мақтанышы, ұлағатты ардагер ұстаз, Қазақ ССР-нің үздік мұғалімі, “Аға мұғалім” атағының иегері, ССР Жоғарғы Кеңесінің “Үздік еңбегі үшін” медалімен марапатталған, Баянауыл ауданының Құрметті азаматы - Темірбике Бопиқызы 85 жасқа толып отыр.
Темірбике апай -саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған, білім мен парасатты өміріне серік еткен ұстаз. Оның әрбір сөзі мен ісі - ұрпаққа үлгі, ұлтқа қызметтің жарқын көрінісі.
Мерейлі жасыңыз құтты болсын, құрметті ұстаз!
Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық тілейміз.
Сіздің ерен еңбегіңіз -әрдайым ел есінде!
- Просмотров: 192
Халық қаһармандары мен Қазақстанның Еңбек ерлерімен тағылымды кездесу🇰🇿
Мектебімізде Қазақстанның Еңбек ерлері және Халық қаһармандарымен әсерлі кездесу өтті.
Мәжіліс залында өткен шарада
ұлттың мақтанышына айналған тұлғалар өздерінің өмірлік жолы мен баға жетпес тәжірибесін, елге адал қызмет етудің мәнін жас ұрпақпен бөлісіп, тағылымы мол ой-толғамдарымен бөлісті.
Тәрбиелік мәні зор бұл кездесуге мектебіміздің 10–11-сынып оқушылары қатысты
Халық қаһарманының өмір жолы – ерлік пен адалдықтың, ел мен жерге деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі. Ардақты қонақтарымыз оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, ел болашағы — жас ұрпақтың білімді, адал, еңбекқор әрі Отанын сүйетін нағыз патриот болуға тиіс екенін ерекше атап өтті.
Бұл кездесу — жас буынға жігер беріп, елжандылық рухын оятқан естен кетпес сәтке айналды.
🇰🇿 Батырларымыздың өнегелі өмірі – ұрпаққа үлгі!






