|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
30
октября
2025
|
- Просмотров: 157
Күзгі эко акция – тиімді демалыс пен табиғатқа қамқорлық! 🌿
Мектеп парламенті мен мектептің жас мамандары оқушылардың күзгі демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында күзгі эко акция өткізді. 🌱
Акция барысында оқушылар мектеп аумағын тазалады.🌳✨
Бұл шараның басты мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялауға, еңбекқорлық пен ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
|
25
октября
2025
|
- Просмотров: 127
25 қазан – Республика күні мерекесіне орай мектебімізде маңызды әрі қуанышты шара өтті — оқушыларымызды “Жас ұлан” және “Жас қыран” балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өтті!
Бұл ұйымға қабылдану — әр оқушы үшін үлкен мәртебе мен жауапкершілік. Жаңа “жас ұлан”, “жас қыран” мүшелері еліміздің патриот азаматы болып, ел дамуына өз үлесін қосуға ант берді.
Барлық “Жас ұлан” және “Жас қыран” қатарына қабылданған оқушыларды шын жүректен құттықтаймыз!
Еліміздің жарқын болашағы – сендердің қолдарыңда!
|
30
октября
2025
|
- Просмотров: 128
“Алтын күз”сурет байқауына 1 “А” сынып оқушылары Тасболат Алим, Тасболат Айша “,Айбалта Асылым,Елқоныс Нурали белсенді қатысуда👍

|
24
октября
2025
|
- Просмотров: 142
25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🇰🇿
Бүгінгі ерекше мереке қарсаңында біз мектеп оқушыларынан Отан, туған жер, ел мен ерлік тақырыптарында мақал-мәтелдер айтып беруін сұрадық.
Мақсатымыз – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. 💙
Тәуелсіз еліміз мәңгі жасай берсін!
Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймыз!
|
28
октября
2025
|
- Просмотров: 236
Күзгі демалысты кітаппен өткізейік!🍂
Мектебіміздің оқырмандары сіздерді ”Күзгі демалыста кітап оқимыз”атты кітап оқу челленджіне қатысуға шақырады!
✨ Демалыс күндеріңді мазмұнды әрі пайдалы өткізіп, жаңа әлемдерді бірге ашайық!
Бөліс, суретке түс, әсеріңді жаз👍
|
24
октября
2025
|
- Просмотров: 136
АШЫҚ МИКРОФОН РУБРИКАСЫ 🎤
Бүгінгі сұрақ: 🏫 «Мектептегі бірінші тоқсаныңыз қалай өтті?»
Күзгі тоқсан артта қалды 🍂
Оқушылардан бірінші тоқсан туралы әсерлерін, жетістіктерін және есте қалған сәттерін сұрадық.
|
25
октября
2025
|
- Просмотров: 165
25 Қазан – Республика күніне орай көрме ұйымдастырылды!
Көрмеге макеттер мен қолөнер жұмыстары қойылып, оқушылар өздерінің патриоттық сезімдерін шығармашылық арқылы жеткізе білді.
⠀
Мұндай шаралар оқушылардың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.

|
25
октября
2025
|
- Просмотров: 160
Бракераж комиссиясысы өз жұмысын атқарды!
Мектептегі асханасының жұмысын бақылау мақсатында бракераж комиссиясы тексеріс жүргізді.
⠀
Комиссия мүшелері:
азық-түліктің сақталу шарттарын,
дайын тағамдардың мәзірге сәйкестігін,
дайын өнімді беру нормаларының орындалуын,
мектеп асханасындағы түскі астың дәмдік сапасын,
ас блогы мен асханадағы санитарлық талаптардың сақталуын қадағалады.
⠀
✅ Тексеру нәтижесінде ешқандай бұзушылық анықталған жоқ.
|
23
октября
2025
|
- Просмотров: 166
Мектебіміз Павлодар облысының білім беру басқармасы ұсынған «Ұлттық Style» жобасын қолдайды!
Бұл жоба – ұлттық киім мен мәдениетті заманауи стильмен ұштастыра отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған тың бастама.
Аталмыш жобаға мектебіміздің 2 “Ә” сынып оқушылары мен ата-аналары белсене қатысуда.







