Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
---|
5- 7 сыныптар арасында мектепшілік «ECO-Planeta» конкурсы өтті.
Конкурс мақсаты:
• Оқушылары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету.
• Оқушыларға өзіндік модельдеу, дайындау және экологиялық-ағартушылық жұмысқа қатысу арқылы қалдықтарды өзгеше түрде кәдеге жаратумен байланысты экологиялық мәселелерді шешуде шығармашылық ізденіс мүмкіндігін беру.
➢ Конкурсқа 5-7 сынып оқушылары қатысты.
➢ Әр сыныптан 1 команда, әр командада 3 оқушыдан.
Конкурс 3 кезеңнен тұрды:
1 кезең. Cұрақ-жауап
2 кезең. «Қоғамдағы экологиялық проблемалар» тақырыбында бейнеролик түсіру. (Ұзақтығы 1-2 мин)
3 кезең. Қолөнер. Экологиялық қалдық заттардан пайдалы бұйым, экологиялық қалдық заттарға екінші өмір сыйлау.
7
декабря
2023
|
7 желтоқсанда сағат 10.00 де мектебімізде 5-11 сынып оқушылары үшін “Бірыңғай профилактика сағаты” өтті. Баянауыл аудандық полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қожахметов Медет Қалтайұлы мектебімізге келіп оқушылармен кездесті. Мектеп басшысы “Жолдағы қауіпсіздік ережелері,зорлық-зомбылық түрлері, кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг,кибербуллинг мәселелері, қауіпсіздік ережелері” тақырыптарында түсіндірме жүргізді. Кездесу соңында оқушылар сұрақтарын қойып, жауап алды.