Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
---|
29
мая
2023
|
Мектебіміздін өзін-өзі басқару ұйымы 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалық шақ әлемі қандай ғажап!» атты флешмоб ұйымдастырды.
29
мая
2023
|
22.05.2023 күні Ө. Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатында Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты» КММ мен Түркістан облысы білім беру басқармасы, Отырар ауданы білім беру бөлімінің Ө. Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернаты педагогтерінің кәсіби шеберлігі мен шығармашылығын арттыру бойынша меморандум аясында облыстық семинар ұйымдастырылып, десанттық дуэт шеберлік сабақтар өткізілді Тақырыбы: Шебер мұғалім-білімді, әрі сапалы ұрпаққа негіз болмақ
Мақсаты: Еліміздің ертеңі – білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін айқындай отырып, қазіргі кездегі әлемдік өзгерістерге сай білім беру саласында ұстаздардың сабақ барысын-дағы әдіс тәсілдерімен тәжірибе алмасу. Міндеттері: - Ұстаздардың жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа, үздіксіз білім алып, инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, еңбектенуге деген көзқарастарын қалыптастыру;
- Жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм және ұлттық педагогиканың ұйытқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру іскерліктерін дамыту;
-Ұстаздардың өз кәсібіне деген ынтасын арттырып, құлшынысын ояту.
Ө. Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының директоры А. А.Арипбековтің жұмыс жоспары, мақсат-міндеттерімен таныстырып ашылған семинар жұмысына Кентау, Түркістан қаласы, Арыс, Ордабасы, Қазығүрт, Төлеби ауданы мектеп директорлары мен оқу орынбасарлары және Отырар ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Дархан Ембай мырза қатысып, семинар жұмысын қорытындылады.