Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
---|
«Жыныстық тәрбие», «Буллингтің алдын-алу»,
«Электрондық шылымның зияны»
Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында 2023 жылдың 15-қараша күні Екібастұз қаласы №3 емхана «Болашақ» жастар денсаулық орталық қызметкерлері Акушер-гиниколог-Бейсенбекова Бахыт Ашимовна, Терапевт дәрігер-Иляшева Алия Кошеновна, Психолог-Мусина Гульдана Алламбергеновна және аудандық емхана психологі- Абылкасова Салтанат Орынтаевна мектеп оқушыларымен «Жыныстық тәрбие», «Буллингтің алдын-алу», «Электрондық шылымның зияны» тақырыптарында дәріс оқып, бейне-слайдтар көрсетті. Оқушылар қойған саулдарына жауап алды.
17
ноября
2023
|
Бүгін мектеп парламенттінің ұйымдастырумен Зорлық зомбылық, қатігездік тақырыбында дебат
сайысы өтті.
Іс-шараның мақсаты : “зорлық-зомбылық”, “қатыгездік” пікірсайыс дебат командалар арасында ұғымдары мен мағыналарын ашық айтуға бейімдеу, балалар мен жасөспірімдерге қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне теріс көзқарасты қалыптастыра отырып оларға қарсылық таныту және де кешіру қабілетін дамыту, адамгершілік қасиеттер мен құндылықтарды тәрбиелеу.
Қорытындылай келе :
1. Пікірсайыс дебат командалар арасында әртүрлі зорлық-зомбылық түрлері туралы түсініктермен таныстыра отырып , отбасылардың себептері мен салдарын анықталды.
2. Пікірсайыс командаларын қалыптастырылды; қазіргі заманда қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсымыз деген тұжырымдама байқалды.
3. Бәсекелестік және пікірталас командаларының жарыстары және қатысушылар арасындағы командалық жұмысты бақылау жасалды , орнатылды.