|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
17
ноября
2025
|
«Буллингтен қорған бол!»
Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатында 2 “Ә” және 3“А” сыныптарында «Буллингтен қорған» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға буллингтің зияны туралы түсінік беру, бір-біріне құрметпен қарауға, достық қарым-қатынас орнатуға тәрбиелеу.
Балалар шынайы өмірдегі мысалдармен бөлісіп, қауіпсіз орта қалыптастыру жолдарын талқылады.
Бірлік, өзара қолдау мен мейірімділік – мектептегі ең басты құндылық екені айтылды.

|
17
ноября
2025
|
Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы командалары арасында өткен «Ұланбыз – ұлттың үміті. Жайдарлы Жас Ұлан»атты облыстық интеллектуалдық байқаудың аудандық кезеңі жоғары деңгейде өтті.
Сайыс екі кезеңнен тұрды:
1-кезең – Сәлемдесу
2-кезең – Биатлон (15 әзіл)
Байқауда мектебіміздің намысын қорғаған «Талдырайық» командасы жүлделі 3-орын иеленді.
Құттықтаймыз! Жас ұландарымызға шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!







