|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
17
октября
2025
|
Еңбегі адал жас өрен!
⠀
Мектебімізде 1–7 сынып оқушылары арасында “Күзгі асар”атты қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.
⠀
Көрмеде оқушылар мен ата-аналардың бірлесіп жасаған түрлі қолдан жасалған бұйымдары мен күзгі жемістерден жасалған шығармашылық туындылары көпшіліктің көңілінен шықты.
Үздік туындылар номинациялармен марапатталып, белсенділік танытқан оқушыларға алғыс хаттар табысталды. ⠀
Бұл шара оқушыларды еңбекқорлыққа, шығармашылыққа, табиғатты сүюге тәрбиелеп,бағалауға үндейді.
|
17
октября
2025
|
Дебат турнирі мектебімізде!
📍 Тақырып: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»
Бүгін мектебімізде оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, тілге деген құрметін арттыру мақсатында қызықты да танымды дебат турнирі өтті! 💬
🗣 Оқушылар «Өзге тілді меңгеру – заман талабы ма?» және «Ана тіліміздің мәртебесін қалай көтереміз?» сынды маңызды сұрақтар төңірегінде пікір алмасты. Екі жақтың да дәйектері тыңдалып, тартысты әрі мазмұнды ойлар айтылды.
🔹 Турнирдің мақсаты – көптілділікке ұмтылу арқылы өз тілімізге деген сүйіспеншілікті арттыру, ана тіліміздің қадірін түсіндіру.
💬 «Тілді ұмытқан – тарихын ұмытады» дегендей, қай тілді меңгерсек те, өз тілімізге деген құрмет – мәңгілік міндетіміз!







