|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
Мектебіміздің “Қарлығаш” бейінді лагерінің үшінші күні қызықтарға толы өтті. “IT әлемі”, “Қаныштану”, “Сиқырлы бояулар”, “Үстел теннисі”, “Жас тігінші”, “Шахмат” үйірмелері және тренинг өткізілді.
“Қарлығаш” бейінді лагерінде жоспарға сай “Экошебер” үйірмесінде 5 маусым Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай экологиялық қалдық заттарға екінші өмір сыйлап бұйымдар жасады.
“Тұлпар” жазғы сауықтыру лагерінде мектеп психологі А.К.Жусупбаева “Біз көңілді баламыз” тақырыбында тренинг ойындар өткізді және “Балапан” және “Барыс” топтарының жетекшілері “Кимылды ойындар” балаларға керемет көңіл күй сыйлау мақсатында: Аяқ қол бұлшық еттерін дамыту, қимыл-қозғалыстарын жетілдіру, балаларды жылдамдылық шапшаңдыққа үйрету.

|
6
июня
2024
|
Облыс әкімінің қатысуымен Естай атындағы оқушылар сарайында облыстың колледждері жәрменке ұйымдастырды. Бұл іс-шараға мектеп оқушылары қатысты.

“Тұлпар” жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілері “Мәңгілік ел” алаңында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік шараға қатысты.

Жазғы демалыста оқушылардың бос уақытың ұйымдастыру мақсатында 5 сынып оқушылары Павлодар қаласына 1 күндік саяхатқа барды. Облыстық Г.Н Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы мен “Ertis” мұражайында виртуалды экскурсиялары балаларға ұсынылды және кинотеатрға апарып мультфильм көрсетілді. Жетекшілері: тарих пәні мұғалімі Р.М. Айтимова, сынып жетекшісі Ж.Ж . Успанова
|
3
июня
2024
|
Балаларды қорғау күні облысымыздың әкімі @asaiyn.baikhan Байханов Асайын Қуандықұлы облысымыздың балалары - өзін-өзі басқару көшбасшыларымен, волонтерлармен, әртүрлі конкурстар мен жарыстардың жүлдегерлерімен және жеңімпаздарымен кездесті. Оның ішінде мектебіміздің 10 сынып оқушысы Балғабай Ақжарқын бар







