ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянауыл а. Мұса Шорманов көшесі, 2
+7 (718) 409 25 18
pvl_bayan_mi@mail.ru pvl.bayan_mi@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ
13
мая
2026

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында «Таза Қазақстан – Таза Баянауыл» фото және видео байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген жанашырлығын арттыру, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Шараға 8а, 8ә, 10а, 10ә сынып оқушылары қатысып, «Таза табиғат», «Эко әрекет», «Таза Қазақстан – менің үлесім» номинациялары бойынша өз жұмыстарын ұсынды. Қатысушылар табиғаттың әсем көріністерін бейнелеп, тазалық жұмыстары мен экологиялық бастамаларды насихаттайтын әсерлі фото және бейнероликтер көрсетті.
Байқау барысында жұмыстардың тақырыпты ашуы, шығармашылық ерекшелігі, сапасы мен экологиялық маңызы бағаланды. Үздік жұмыстар марапатталып, белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
Табиғатты аялау – әрбіріміздің ортақ міндетіміз!

12
мая
2026

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік концерт өтті 🇰🇿

Бұл ерекше күні қыздарымыз өз өнерлерін көрсетіп, ер азаматтарымызға және ұстаздарымызға арнап ән айтып, би билеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Мерекелік кеш көрермендерге ерекше әсер қалдырып, жылы эмоциялар мен әдемі естеліктер сыйлады ✨

Барша ер азаматтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, табыс және бейбіт өмір тілейміз!

13
мая
2026

12-15 мамыр аралығында жалпы орта білім беретін мектептердің 10 сынып жасөспірімдерімен далалық оқу-жаттығу жиындары өтуде.

12
мая
2026

Құрметті Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының ардақты түлектері!
Сіздерді қасиетті қара шаңырақ-туған мектебімізден түлеп ұшқандарыңызға 5,10,15,20,25,30,35,40,45,50,55,60,65,70 жыл толуына орай ұйымдастырылатын мерейлі кездесу кешіне шын жүректен шақырамыз!
Күні: 25 мамыр 2026 жыл
Уақыты: 10:00
Орны: Ш.Айманов атындағы ЖОББМИ

Сіздерді асыға күтеміз!
Ізгі ниетпен, мектеп ұжымы

14

13
мая
2026

“Экоboom” жобасы аясында ұйымдастырылған “Экоstart” акциясының кезекті жеңімпазы марапатталды!
Акция нәтижесі бойынша 6 “А” сынып оқушысы Бақбай Қайрат 600 кг қатты тұрмыстық қалдықтарды тапсырып, велосипед ұтып алды!
Бұл бастама – экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды қадам.
♻️ Құрметті Баянауыл тұрғындары!
Сіздерді де осы игі іске белсене қатысуға шақырамыз!
600 кг тұрмыстық қалдық тапсырып, сіз де велосипед ұтып алу мүмкіндігіне ие бола аласыз.
Акция әлі де жалғасуда!
Табиғатты бірге қорғайық!

16

12
мая
2026

9 мамыр – Жеңіс күніне орай мектеп түлектері Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, Отан үшін жанын қиған батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Тағзым ету рәсімі барысында ерлік пен елдік жолында күрескен ардагерлерге құрмет көрсетіліп, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің маңыздылығы айтылды.
Бейбіт өмір сыйлаған батырлардың ерлігі – мәңгі жадымызда!
Ер есімі – ел есінде!

13

13
мая
2026

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

✔️Жарлықтың негізгі мақсаты – жасанды интеллект жедел дамып келе жатқан кезеңде Қазақстан Республикасының өркендеуін қамтамасыз етіп, адами капиталды ілгерілетуге үлес қосатын заманауи, инновациялық білім беру жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау.

✔️Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін дербес оқыту тетігін, цифрлық инфрақұрылымды, педагог кадрлар даярлауды, білім алушылардың жеке мәліметтерін қорғауды көздейтін Орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің 2026-2029 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын бекітеді.

✔️Жарлықта Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің мүшесі Ли Кай-Фудің ұсынымдарын жұмыс барысында қолдану қарастырылған. Үкімет қала мен ауыл мектептері арасында білім беру сапасының алшақтығын қысқарту мақсатында 2026 жылдың 1 маусымына дейін орта білім беру саласындағы пилоттық жобаны іске асыру, оны одан әрі кеңінен тарату жөнінде нақты ұсыныстар енгізуге тиіс.

✔️2026 жылдың 1 тамызына дейін пилоттық жобаны іске асыру аясында мектептер техникалық тұрғыдан жарақтандырылады, соның ішінде тұрақты, жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етіледі.

✔️2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолдану стандарттары бекітіледі.

✔️Сондай-ақ 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін педагогтердің кәсіби тұрғыдан үздіксіз дамуын көздей отырып, олардың қызметіне нұқсан келтірмей әрі алмастырмай жасанды интеллект технологияларын білім беру процесінде қосымша тиімді құрал ретінде пайдалануды қамтамасыз ететін шаралар жоспары қабылданады.

Жарлық мәтіні баспасөзде жарияланады.

7
мая
2026

2026 жылғы 5 мамыр күні Майқайың кентіндегі ортылық алаңда “Адал азамат” бағдардамасы “Шабыт” жобасы аясында, сондай-ақ Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған “Жас сарбаз” әскери-патриоттық саптық әндер байқауына мектебіміздің жас сарбаздары қатысты.

11

© 2026. Все права защищены.