Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
---|
28
октября
2023
|
Құрметті қамқоршы!
Балаларға деген ыстық ықыласыңыз, аялы алақаңызды созып, адамдық мейірімділік таңытқандарыңыз үшін Еліміздің барлық қамқоршыларына алғыс айтамыз.
24
октября
2023
|
Республика күніне орай 8ә сынып оқушыларымен "Менің Республикам"атты тәрбие сағаты өтті. Өткізген сынып жетекшісі А.А.Жуматова
28
октября
2023
|
Математика, физика, информатика, орыс тілі, ағылшын тілі пән мұғалімдері бірлесіп «Критериалды бағалау-сапалы білім негізі» атты коучинг өткіздік. Коучинг мақсаты: «Білім берудегі оқу жетістіктерін бағалаудың шынайы және сенімді жүйесін талқылау, тәжірибе алмасу». Келесі мәселелер қарастырылды: бағалаудың құрылымы, принциптері, міндеттері. Тәжірибе алмасу барысында бағалау құралын әзірлеу процесі және дискриптор жазудың нақты қадамдары сипатталды. Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негізі болатын белгі екенін басшылыққа алып топтық жұмыстар қорғалды.
Әдістемелік бірлестік жетекшілері: Абдыкаримова С.Т., Солтаналина А.С.
24
октября
2023
|
Оқушыларды өз Отанын сүюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу мақсатында Республика күніне орай 11Ә,10А сыныптарында сынып сағаты өтті.Сынып жетекшілері Амангүл Рымхан,К.Б.Альжанова.
28
октября
2023
|
2023 жылғы 27 қазан күні Ауданның 5-6 сынып оқушылары арасында "Ұлттық мектеп лигасы" аясында волейбол спорт түрінен өткен аудандық жарысында мектебіміздің қыздар командасы 1 орынға ие болды. Жаттықтырушысы: Ермеков А.Қ.
Тәрбие жоспарына сәйкес 9 «Ә» сынып оқушыларында 25 қазан Республика күніне орай тәрбие сағаты өткізілді Оқушылар викториналық сұрақтарға жауап берді. Сынып жетекші: П. Е. Арғынбай
25
октября
2023
|
Республика күні мерекесіне орай аудан әкімі мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін Турсынай Омирзаковна Баянауыл ауданына сіңірген ерен еңбегі үшін медалімен, Ғалия Тоқбаевна көп жылғы еңбегі үшін Алғыс хатпен марапаттады.
\
24
октября
2023
|
Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп- интернатының мектепалды сыныбында Республика күніне арналған " Менің Отаным- Қазақстан" атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Мемлекеттік мереке- Республика күні туралы түсінік қалыптастыру.
Тәрбие сағаты тиісті деңгейде өткізілді.
Өткізген Мектепалды сынып тәрбиешісі Б.З. Ибадуллина