Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
---|
20
декабря
2024
|
Павлодар облысының ұйымдастыруымен Облыстық “Эко Шеберхана”байқауы мектеп жасындағы балалардың назарын қалдықтарды қайта өңдеу және қайта пайдалану мәселесіне аударуға , сондай-ақ креативті ойлау және практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған жобаның жеңімпазы 5-ші сынып оқушысы Жетібаев Нұртас Облыстық “Эко Шеберхана” номинациясы бойынша 2орын алып дипломымен марапатталды.
Жетекшісі: Стеуменова Асель Каршигаевна
17
декабря
2024
|
Алғашқы әскери дайындық пәнінен 10 “ә” сыныбында ашық сабақ өтті.
Тақырыбы: Калашников автоматын( қол пулеметін) жартылай бөлшектеу және жинақтау.
Пән мұғалімі Тұрсынбай А.С.
16
декабря
2024
|
2024 жылғы 13-15 желтоқсан күндері аралығында Павлодар қаласында грек-рим күресінен 2008-2010 ж.т жасөспірімдер арасында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған облыстық турнирде мектебіміздің палуандары келесідей нәтижеге қол жеткізді: Қаби Ернұр,Ерсін Расул,Жанболат Әділ,Мүбәрак Нұрболат өз салмақ дәрежелерінде чемпион атанса, Жарқынбек Темірлан ІІ орын, Оралбек Бауыржан,Шахметов Бауыржан,Романов Рүстем ІІІ орынға ие болды. Жаттықтырушылары: Дүйсенбеков К.Ж.
19
декабря
2024
|
10-11 сынып тәрбиеленушілерімен “Балалық шағымның аспаны” тақырыбында тәбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:Оқушыларға балалық шақтың құндылықтары мен маңыздылығын түсіндіру;
Жанұядағы өзара сыйластық пен қамқорлықты нығайту;
Жауапкершілік, мейірімділік және достық сияқты құндылықтарды бойларына сіңіру.
Өткізген: Ж.Т.Садакова, Г.Б.Абилова
14
декабря
2024
|
2024 жылғы 13 желтоқсан күні Хасенов Мағзұм Қайырұлын еске алуға арналған 5-6 сынып оқушылары арасында баскетболдан аудандық мектеп лигасы өткізілді. Жарыстың ашылу салтанатында мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің ұстазы Балтабаев Сабыр Аманбайұлының зейнетке шығуына байланысты, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің дене шынықтыру және алғашқы әсери бөлімінің әдіскері Омаров Аслан Бүркітұлы құттықтап, білім бөлімінің алғыс хатымен марапаттады. Мектеп ұжымының тарапынан сый сияпаттарын табыс етті. Тартысты да қызықты өткен турнирдің қорытындысы бойынша қыздар арасында ІІІ орын Шадыра ЖОББМ,ІІ орын Д.Рахметов ат.ЖОББМ,І орын Қ.Кеменгеров ат ЖОББМ.
Ұлдар арасында ІІІ орын С.Торайғыр ат.ЖОББМ.
ІІ орын Шадыра ЖОББМ
І орын Ш.Айманов ат. ЖОББМИ иеленді.
17
декабря
2024
|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне төмендегідей бос орындарға қабылдау бойынша конкурс өткізілетінін хабарлаймыз!
Логопед (уақытша) - 1 бірлік(180900 тг)
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі(уақытша) -1 бірлік(175449 тг)
Орналасқан жері - Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, М.Шорманов к-сі, 2 үй.
Электрондық пошталық мекен-жайы: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Телефон нөмірі–8(718)40 92518
Мерзімі – уақытша бос орын.
Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:жоғары білімді, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқыту және бағалау әдістемесін білуі тиіс.
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс- парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама
14
декабря
2024
|
2024 жылдың 13 желтоқсан күні Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханасында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай “Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік” атты тарихи сағаттына мектебіміздің 7 а сынып оқушылары қатысты.