ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянауыл а.
+7 (718) 409 25 18
pvl_bayan_mi@mail.ru pvl.bayan_mi@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ
5
января
2024

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз " атты іс-шарасына 11 "Ә" сынып оқушылары қатысуда

14

5
января
2024

Еліміздің ертеңі – білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін айқындай отырып, қазіргі кездегі әлемдік өзгерістерге сай білім беру саласында ұстаздардың сабақ барысындағы әдіс- тәсілдерімен тәжірибе алмасу мақсатында мектебімізде « Шебер мұғалім – білімді, әрі саналы ұрпаққа негіз болмақ» тақырыбында педагогикалық кеңес семинар-практикум әдісінде өткізілді. І кезеңінде І жарты жылдық білім сапасы туралы мектеп басшысының орынбасары А.Т. Тусупбекова, І жарты жылдық бойынша дарынды оқушылардың жетістіктерімен басшысының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары А.Ш. Тулешова, «Білім беру жүйесіндегі зайырлылық негіздері» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Н.Р. Сексенов, І жарты жылдық бойынша спорт нұсқаушынысың есебін А.Қ. Ермеков, «Құқық бұзушылықтың алдын-алу» оқушылардың сабаққа қатысуы туралы әлеуметтік педагог П.Б. Жакенова есеп берді.
Екінші кезеңде ұстаздардың жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа, үздіксіз білім алып, инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, еңбектенуге деген көзқарастарын қалыптастыру міндеттерін негізге ала отырып 5 топта “Табысты сабақ қандай болу керек», «Бағалау критерийлерін құрастыру», « Тиімді сабақты қалай ұйымдастыруға болады», «Оқу мен тәрбиедегі жаңа тәсілдер», «Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқыту» тақырыбында мектеп педагогтары өзара ой бөлісіп, тәжірибелерін ортаға салып, білім сапасын жетілдіру үшін мұғалімдердің заманауи оқытудағы әдістері мен дағдыларын инновациялық-педагогикалық және сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыруда жұмыс жасады.
Сонымен қатар үшінші кезеңінде «Қиын жағдайларға тап болған оқушылармен педагогтардың жұмыс алгоритмі» тақырыбында мектеп психологтары А.А. Жуматова, Г.Қ. Молдасарина, А.Қ. Жусупбаева да жағдаяттық тапсырмалар арқылы топтық жұмыс жасап, осындай жағдаяттан шығу жолдарының алгоритмін құрастыру арқылы теориялық білімді практикамен ұштастырды.
Педкеңесті қорытындылай келе, мектеп-интернат басшысы С.С. Досмагамбетова 2023-2024 оқу жылының І жарты жылда республикалық, облыс деңгейінде жеткен жетістіктері үшін мектеп педагогтарын түрлі номинациялары және кәсіподақ атынан сыйлықпен марапаттады, осылай ІІ жарты жылдықта қажымай табысты еңбек етуге педагогтарға қолдау көрсетілді.

5
января
2024

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз " атты іс-шарасына 10 "А" сынып оқушылары қатысуда

13

5
января
2024

2 а сынып оқушысы Ешмағамбет Алиша”Менің қысқы демалысым”

10

5
января
2024

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз " атты іс-шарасына қатысушы 10 "А" сынып оқушысы Балғабай Ақжарқын

5
января
2024

2 ә сынып оқушысы Бүркітбай Гүлім “Менің қысқы демалысым”тақырыбына суреті.

9

5
января
2024

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз " атты іс-шарасына 1 сынып оқушылары қатысуда

12

5
января
2024

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне төмендегідей бос орындарға қабылдау бойынша конкурс өткізілетінін хабарлаймыз!
Математика пәнінің мұғалімі-16 сағат(209727тг).
Орналасқан жері - Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, М.Шорманов к-сі, 2 үй.
Электрондық пошталық мекен-жайы: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Телефон нөмірі–8(718)40 92518
Мерзімі – бос орын.
Кандидатқа тойылатын біліктілік талаптары:жоғары білімді, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқыту және бағалау әдістемесін білуі тиіс.
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс- парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
Комиссия отырысы: 15 қаңтар 2024 жыл, сағ 10:00 де.

© 2024. Все права защищены.