Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
---|
19
февраля
2024
|
2024 жылғы 20 ақпан күні Баянауыл ауданы бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты аяз желмен) бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары (26 мектеп, 3352 оқушы) қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады.
Оқушы тасымалы болмайды.
15
февраля
2024
|
2024 жылдың 7,8 ақпан күндері 7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың аудандық кезеңі өтті.Олимпиадаға 20 оқушы қатысып 8 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Айбалта Айнұр 8-сынып оқушысы химия пәнінен І орын (мұғалімі Досмагамбетова С.С), Орал Айзере 8-сынып оқушысы ағылшын тілі пәнінен ІІ орын (мұғалімі Абдуева А.А), Мұхамадияр Алдияр 8-сынып оқушысы Қазақстан тарихы пәнінен ІІІ орын(мұғалімі Бейсекеев А.С), Олжатаева Толғанай 8-сынып оқушысы биология пәнінен ІІІ орын(мұғалімі Смагулова Қ.Ы), Жаңбырбай Аружан 7-сынып оқушысы, география пәнінен ІІІ орын(мұғалімі Успанова Ж.Ж), Ерғанатқызы Аяулым 7-сынып оқушысы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ІІ орын(мұғалімі Сакенова Ғ.Т), Мыңғыш Адия 7-сынып оқушысы, ағылшын тілі пәнінен ІІ орын(мұғалімі Нагымова А.Т), Мүбарак Нұрболат 7-сынып оқушысы, биология пәнінен (мұғалімі Адилбекова С.С) ) Олимпиадада орын алған оқушылар мен ұстаздарды құттықтаймыз!
19
февраля
2024
|
Сенбі күні тәрбиенушілердің бос уақытын қамту
15
февраля
2024
|
2024 жылдың 5,6 ақпан күндері 5-6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Жалпы 12 оқушы қатысты. 8 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Қайыржан Айзере 5-сынып оқушысы орыс тілі пәнінен (мұғалімі Хасенова Г.Б), Рамазанова Ботагоз 5-сынып оқушысы Қазақстан тарихы пәнінен ІІ орын (мұғалім Айтимова Р.М), Зарахан Ақбаян 5-сынып оқушысы, математика пәнінен ІІ орын(мұғалімі Маханова Г.М), Мыңғыш Шыңғыс 5-сынып ағылшын тілі пәнінен ІІ орын(мұғалімі Абдуева А.А), Мұрат Ботажан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 6-сынып оқушысы ІІ орын(мұғалімі Сакенова Ғ.Т), Балғабай Мадина 6-сынып оқушысы математика пәнінен ІІІ орын (мұғалімі Арғынбай П.Е), Солтанова Жанель 6-сынып оқушысы, ағылшын тілі пәнінен(мұғалімі Кульжанова Б.Р), Шадет Есназар 6-сынып оқушысы, орыс тілі пәнінен ІІІ орын(мұғалімі Хасенова Г.Б) Олимпиадада оқушылар мен ұстаздарды құттықтаймыз!
Қазақтың әйгілі актері, режиссер, КСРО халық әртісі Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың 110 жылдығына орай С.Торайғыров атындағы мәдени-сауық орталығында “Наш милый доктор” кинофильмін тамашалауға мектебіміздің оқушылары, ұстаздары барып қайтты.
15
февраля
2024
|
2024 жылдың 15 ақпан күні Баянауыл көпсалалы колледжде кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Ашық есік күні өтті, оған Ш.Айманов атындағы ЖОЮБ мектеп- интернатының 9 сынып түлектері қатысты. Колледж мамандықтары туралы Колледж басшысы Асылхан Манарбекұлы таныстырып, бейнероликке шолу жасалып, презентация көрсетілді.Іс - шара барысында талапкерлер колледждің оқу-өндірістік базасымен танысты. Колледж ұстаздары мен қызметкерлеріне және студенттерге рахмет!
15
февраля
2024
|
9 сынып интернат тәрбиеленушілерімен "Ш.Аймановқа 110 жыл " атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларға Ш.Аймановтың өмірі мен қазақ өнерінде жасаған еңбектерін насихаттау. Сынып тәрбиешісі:Ж.Т.Садакова.
14 ақпан мектебімізде 5-11 сынып оқушыларымен Баянауыл аудандық полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қожахметов Медет Қалтайұлы мектебімізге келіп оқушылармен кездесті. Кездесу барысында “Терроризм акттысы туралы жалған ақпарат бергені үшін жауапкершілік”, “ Жол қауіпсіздігін сақтау”, “Зиянды әдеттердің зардабы Вейп” тақырыптарында оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп өтті. Кездесу соңында оқушылар сұрақтарын қойып, жауап алды.