Мектебімізде «Біртұтас тәрбие» тәрбие бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Жетістікті еліме арнаймын» челленджі ұйымдастырылды. Челлендждің мақсаты, оқушыларды отансүйгіштік пен азаматтыққа, Отан үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, оқушыларымыздың жетістіктерін көрсету, талантты оқушылардың жетістіктерін паш ету.
Челленджде оқушылар әрбір жетістік тек жеке оқушының емес, елінің, мектебінің, отбасының қолдауымен сенімінің жемісі, әр жетістіктерін елінің игілігіне жұмсай отырып, болашақтарының жарқын болатынына сенетіндерін білдірді.