2024 жылғы 13 желтоқсан күні Хасенов Мағзұм Қайырұлын еске алуға арналған 5-6 сынып оқушылары арасында баскетболдан аудандық мектеп лигасы өткізілді. Жарыстың ашылу салтанатында мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің ұстазы Балтабаев Сабыр Аманбайұлының зейнетке шығуына байланысты, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің дене шынықтыру және алғашқы әсери бөлімінің әдіскері Омаров Аслан Бүркітұлы құттықтап, білім бөлімінің алғыс хатымен марапаттады. Мектеп ұжымының тарапынан сый сияпаттарын табыс етті. Тартысты да қызықты өткен турнирдің қорытындысы бойынша қыздар арасында ІІІ орын Шадыра ЖОББМ,ІІ орын Д.Рахметов ат.ЖОББМ,І орын Қ.Кеменгеров ат ЖОББМ.
Ұлдар арасында ІІІ орын С.Торайғыр ат.ЖОББМ.
ІІ орын Шадыра ЖОББМ
І орын Ш.Айманов ат. ЖОББМИ иеленді.