ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянауыл а. Мұса Шорманов көшесі, 2
+7 (718) 409 25 18
pvl_bayan_mi@mail.ru pvl.bayan_mi@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Құрметті әріптестер және ата-аналар!
Оқу жылының аяқталуына аз ғана уақыт қалды. Жыл бойы мектебіміздің оқушылары түрлі пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобалар байқауларында, шығармашылық және спорттық сайыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Бұл жетістіктер – бір жағынан оқушылардың өздерінің ынта-жігері мен еңбегінің нәтижесі болса, екінші жағынан мұғалімдердің кәсіби біліктілігі мен ата-аналардың қолдауының айқын көрінісі.
Оқу жылының қорытынды кезеңінде төмендегі мәселелерге ерекше көңіл бөлулеріңізді сұраймын:
1.Мектеп бітіруші 4, 9, 11-сынып оқушыларынан ақша жинауға жол берілмесін;
2. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге, тәрбиешілерге қандай да бір сыйлықтар қабылдауға немесе оны ұйымдастыруға тыйым салынады;
3. Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақырып, коммерциялық іс-шаралар өткізуге болмайды;
4. Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына ата-аналардан немесе оқушылардан қаражат жинау фактілеріне қатаң тосқауыл қойылуы тиіс;
5. Оқушылардың автокөлік шеруіне қатысуына жол берілмесін;
6. Ойын-сауық орындарына (мейрамхана, саябақ, т.б.) бару арқылы жаппай іс-шаралар ұйымдастыруға тыйым салынады;
7. Қорытынды аттестаттау кезінде ата-аналардан ақша жинап, мерекелік дастархан ұйымдастыру іс-шараларына рұқсат етілмейді.
Әрбір білім беру ұйымының ең басты міндеті – оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Осы талаптардың орындалуы қатаң бақылауға алынады.
Егер жоғарыда аталған талаптардың бұзылу фактілері анықталса құқық қорғау органдарына хабарласуға құқылы екенін назарларыңызға саламын!
Ынтымақтастықтарыңыз үшін алғыс білдіремін!

Мектеп-интернат басшысы: Досмагамбетова Салтанат Сейтжановна

25

© 2025. Все права защищены.