Жалпы аудан бойынша 32 мемлекеттік білім беру ұйымы жұмыс атқаруда, оның ішінде 3 балабақша, 26 жалпы білім беру мектептері, 3 қосымша білім беру ұйымы.
Жаңа оқу жылында жалпы білім беру ұйымдарында оқытылатын оқушылардың болжамды саны – 4490 оқушы. 1-11 сыныптарда 4170 оқушы, даярлық сыныбында -320. 1 сыныпқа 312 оқушы қабылданады деп жоспарлануда, оның ішіне қазақ сыныптарына -290, орыс сыныптарына-22. 10 сыныпқа болжам бойынша – 310 оқушы қабылданады.
Ауданның білім беру мекемелерінде 1,0 мыңға жуық педагог жұмыс жасайды. Оның ішінде балабақшалар мен шағын орталықтарда 116 педагог, мектептерде 795 педагог, қосымша білім беру ұйымдарында 56 педагог.
Мектептер толығымен оқулықтармен қамтамасыз етілген. Биылғы жылы даярлық және 1-ші сынып оқушыларына негізгі пәндерден жазу дәптерлер, ерекше білімді қажет ететін оқушыларға дәптерлер мен оқулықтар, 5-10-сынып оқушыларына оқулықтар сатып алынды (оқушы саны көбеюіне байланысты).
Ағымдағы жылы Ренновация жобасы бойынша ауданда үш мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын (Егіндібұлақ, Майқайын к. 2 және Ш. Айманов ат. ЖОББМ). Жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды, мектептер қажетті оқу жабдықтарымен қамтамасыз етілген.